• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 13 Мамыр, 2022

Қазақстан аумағынан қант шығаруға тыйым салынды

360 рет
көрсетілді

Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 4 мамырдағы бұйрығымен ақ қант пен құрақ шикізаты қантын шығаруға тыйым салынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазақстан Республикасының аумағынан ақ қант пен құрақ шикізаты қантын әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін», делінген құжатта.

Ауыл шаруашылығы министрлігіне белгіленген тәртіппен Еуразиялық экономикалық комиссияға аталған шаралардың қолданылғаны туралы хабарлау тапсырылды.

Бұйрық 2022 жылғы 23 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.