• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 13 Мамыр, 2022

Серік Күдебаев қаңтар оқиғасы бойынша күдікті деп танылды

1160 рет
көрсетілді

Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев қаңтар оқиғасы бойынша күдікті деп танылды. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.   

Қадағалау департаментінде анықталғандай, Алматы облысының ПД бұрынғы басшысы «ауыр зардаптарға әкеп соқтырған қызметтегі әрекетсіздік» деген күдікке ілінді.

Серік Күдебаев 2020 жылдың қаңтарынан 2022 жылдың қаңтарына дейін Алматы облысының полиция департаментінің бастығы қызметін атқарған.

2022 жылдың 18 ақпанында ішкі істер органдарынан өз еркімен босатылды.

Аяна Тоғанбек