АҚШ-тың Калифорния штатында шіркеуге жасалған қарулы шабуыл салдарынан бір адам қаза тауып, төрт адам жараланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
АҚШ ақпарат құралдарының хабарлауынша, оқиға штаттың оңтүстігіндегі Оранж округіндегі Лагуна-Вудс қаласында болған. Зардап шеккендердің жағдайы ауыр.
Оранж округінің полициясы шіркеуге шабуыл жасады деген күдікпен бір адамды ұстады.