• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Мамыр, 2022

Қарағанды облысында үш адам суға батып кетті

452 рет
көрсетілді

Қарағанды облысында 21, 19 және 15 жастағы үш жігіт суға батып кетті. Құтқарушылар екі мәйітті Қусақ өзенінің түбінен алып шықты. Суға батып кеткен тағы бір жігіт Кеңгір су қоймасынан табылды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

14 мамыр сағат 12:00-де диспетчер пультіне Қошқар ауылынан оңтүстікке қарай 3 шақырым жерде Құсақ ауылдық округінде 2001 жылы туған жас жігіт пен 2007 жылы туған жасөспірім жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түсті.

«Іздеу жұмысына 86 адам, 29 техника және 2 жүзу құралы жұмылдырылды. Сағат 12:35-те жергілікті тұрғындар 2001 жылы туған марқұмның денесін өзеннен тауып алды. Қаза тапқан екінші адамның мәйітін құтқарушылар 17:55-те 6 метр тереңдіктен алып шықты. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Аяна Тоғанбек