• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.58
  • EUR:
    480
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Мамыр, 2022

Алматыда сұр майнингпен айналысқан мемлекеттік кәсіпорын директоры ұсталды

369 рет
көрсетілді

Алматыда майнинг фермасын заңсыз орнатқан мемлекеттік кәсіпорынның директорына қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің мәліметінше, Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық ізденістер мемлекеттік институты» ШЖҚ РМК директоры М. есімді азаматқа қатысты қылмыстық іс тергелуде. Ол аталған кәсіпорында майнинг фермасын заңсыз орнатқаны белгілі болды.

«Тергеу барысында директор пайда табу мақсатында мемлекеттік мекеменің әкімшілік ғимаратының аумағында заңсыз көлеңкелі бизнесті ұйымдастырған. Ол үй-жайларда криптовалютаны өндіруге арналған цифрлық майнингтік ферманы орнатқан. Бұл ретте майнингтік операциялар үшін электр энергиясын тұтыну мемлекеттің бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жалғасуда», делінген ведомство хабарламасында.