Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты Сейсмикалық стансалар желісі Алматы маңында жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жер дүмпуі Алматы уақыты бойынша сағат 17:02 кезінде байқалды.
Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 124 шақырым қашықтықта, Алматы облысы аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 8.2.
Магнитудасы - 4.2.
Эпицентр координаттары - 43.32° с.ш. 78.43° в.д.
Тереңдігі - 15 шақырым.