• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Мамыр, 2022

Павлодарда есірткі саудалаған ер адам ұсталды

183 рет
көрсетілді

Павлодар қаласында есірткі тасымалымен айналысқан 32 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Павлодар облысы ІІД Есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімшесінің жедел қызметкерлері ақша табу мақсатында заңсыз заттарды сатып алушымен тікелей кездеспейтін тәсілмен таратқан 32 жастағы наркокурьерді ұстады», деді облыстық полиция департаментінен.

Тәртіп сақшылары ер адамның тұрғылықты жерін тексеру кезінде салмағы 700 грамнан асатын кристалды заттарды анықтады. Кейінірек қоймадан тағы 390 грамм есірткі табылған.

«Сараптама нәтижелері тәркіленген зат жалпы салмағы бір келіден асатын синтетикалық есірткі екенін көрсетті», деді облыстық полиция департаментінің бастығы Василий Скляр.

Анықталғандай, ұсталған ер адам аймақтық курьер және есірткі қоймасының ораушысы болған. Ол аса ірі көлемдегі есірткі заттарын қабылдап, кейін жасырын орындарға орап салып жүрген.

Тәркіленген есірткінің бір келісі 5 мыңнан астам бір реттік дозаны құрайды.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексі 297-бабының 3-бөлімі (Есірткі, психотропты немесе оларға ұқсас заттарды заңсыз дайындау, өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті Павлодар қаласының уақытша ұстау изоляторына құрықталды.