• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 17 Мамыр, 2022

Жем-шөп дақылдарының алқабы ұғайтылды

511 рет
көрсетілді

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев биыл жем-шөп дақылдарының алқабы ұғайтылғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Ербол Қарашөкеев жем-шөп өндіру бойынша жол картасын іске асыру басталып кеткенін айтты.

«Жол картасында 15 іс-шара қарастырылған. Оның ең негізгілері - қолданыстағы ауыспалы егістердің ғылыми негізделген нормаларына сәйкестігі тұрғысынан мал шаруашылығы бағытындағы шаруашылықтардың егіс алқаптарының құрылымына талдау жүргізу. Ол талдау қазір өңірлерде жүргізіліп жатыр. Әрбір шаруашылық пен ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдарын әртараптандыру жоспары жасалып жатыр», деді ол.

Оның айтуынша, биыл жем-шөп дақылдарының алқабы 12,5 пайызға ұлғайтылып отыр.

«Яғни, былтыр 3,2 млн гектар болса, биыл 3,6 млн гектар болады деп күтіледі. Биыл алқап көлемі 448 мың гектарға ұғайтылды. Бұл мал азығымен қамту көлемін арттыруға өз әсерін тигізетін болады», деп түйіндеді министр.