• RUB:
    5.28
  • USD:
    480.61
  • EUR:
    534.53
Басты сайтқа өту
Қазақстан 17 Мамыр, 2022

Журналистер мен блогерлер арасында байқау жарияланды

628 рет
көрсетілді

Дін тақырыбын жазатын журналистер мен блогерлерге арналған байқау жарияланды. Бұл туралы Алматыда журналистер арасындағы дін саласындағы өзекті мәселелер бойынша үздік материалдарды дайындау байқауына арналған баспасөз конференциясында айтылды, деп жазады Egemen.kz.

Байқау қатысушыларға өзін көрсетуге, дарындарын ашуға және ұйымдастырушылардың бағалы сыйлықтарына ие болуға мүмкіндік береді. Байқау діни экстремизмнің алдын алу мақсатында келесі номинациялар бойынша өтеді:

интернет-ресурстағы қазақ тіліндегі ең үздік мақала; интернет-ресурстағы орыс тіліндегі ең үздік мақала; интернеттегі және әлеуметтік желілердегі ең үздік тақырыптық әлеуметтік бейнеролик; ең белсенді блогер.

Конкурсқа қатысу үшін әлеуметтік бейнероликті, бейнероликтің әлеуметтік желілерде жарияланған скриншотын төменде көрсетілген  поштаға бір хабарламада жіберу керек: almaty.baiqau.2022@gmail.com электронды поштасына 2022 жылдың 1 қазанында сағат 00:00-ге дейін  «Алматы қаласы Дін істері басқармасы журналистерінің байқауына қатысу аясында дайындалды» деген белгімен жіберілуі керек.

Соңғы жаңалықтар