ШҚО-да елік атқан адам 1,5 жылға сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz ІІМ ақпараттық порталына сілтеме жасап.
ШҚО аумағында елік атқан браконьер сот үкімімен бір жарым жылға сотталып, пробация есебіне алынды.
«Ол елік атып, мемлекетке 2,5 млн теңгеге жуық материалдық залал келтірді. Осылайша қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін алдағы бір жарым жыл бойы пробация бақылауында болады», деді пробация бастығы Ермек Енсенов.
Аяна Тоғанбек