• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Медицина 18 Мамыр, 2022

Қазақстанда «Еңбек сіңірген дәрігер» атағы беріледі

724 рет
көрсетілді

«Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» құрметті атағы белгіленбек. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру жүйесін енгізуді қамтамасыз ету мақсатында «Кейбір заңнамалық актілерге денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы әзірленді. Осы айда ол ҚР Парламентінің Мәжілісіне енгізілетін болады», деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, заң жобасында Қылмыстық кодекстің 317-бабының қылмыстық нормаларын ізгілендіру көзделген. Яғни, айыппұл санкциялары жеңілдетіледі. Соттың қарауына бас бостандығын шектеу бойынша балама енгізіледі. Бас бостандығынан айыру мерзімдері қысқартылады.

«Және де осы заң жобасы бойынша медициналық көмектің сапасын арттыру мақсатында пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін кәсіптік жауапкершілікті арттыру, оларды сақтандыру көзделеді. Сонымен қатар білімді, еңбек сіңірген дәрігерлерге «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» құрметті атағын белгілеу қарастырылған», деді Ажар Ғиният.