• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 18 Мамыр, 2022

Теміржол билеттерінің 70 пайызы онлайн сатылады

532 рет
көрсетілді

Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 16 пайызға артқан, деп хабарлайды Egemen.kz Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап. 

Жол жүру құжаттарының онлайн-сатылымы, әсіресе карантиндік шектеулер алынып тасталғаннан кейін айтарлықтай өскен.

Қазіргі күнде жол жүру құжаттары «ҚТЖ» ҰК» АҚ-на тиесілі билет кассалары мен 15 интернет сайт және мобильдік қосымшалар, 30 мың өзіне-өзі қызмет көрсету автоматтары арқылы сатылымға шығарылады.

Сонымен қатар бірнеше рет бір үлгіде сұрау салу кезінде жүйені пайдаланушыны бұғаттау есебінен жүйелі түрде билеттерді қайта сату фактілерін сондай-ақ тұтынушыға брондалған орындар фактісі туралы sms-хабарламаны растай отырып, «Күту парағы» бойынша кезектілік тәртібімен жол жүру құжаттарын сатып алуға тосқауыл қою мақсатында кешенді шаралар қабылданды.

2022 жылдың алғашқы төрт айында «Күту парағы» қызметі арқылы 18 мыңнан астам билет рәсімделген. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,5 есе көп.