• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
16 Сәуір, 2014

Алматыда «қаржы пирамидасын» құрған тағы бір адам ұсталды

339 рет
көрсетілді

Алматыда «қаржы пирамидасын» құрған 40 жастағы алаяқ полицияның қармағына түсті. Бұл туралы Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «ҚазАқпарат» хабарлады. Алаяқтан жауап алған тергеушінің сөзіне қарағанда, «қаржы пирамидасының» қожайыны аңғал жандардан қайырымдылық қорына ақша жинаған. Әлгі азамат алданғандарды қайырымдылық үшін берген қаржылары еселеп қайтатынына сендірген. Алғашқыда «пирамидаға» оның жақындары «кіріпті». Аталмыш іс туралы полиция полковнигі Ерлан Оралбеков: «Б. есімді азамат өзінің жәбірленушілерінен 15 мың теңге көлемінде ақша алып, оны 13 600 теңге деп,  ал қалған қаражат қайырымдылық қорға ақша рәсімдегені үшін алынған  пайыз деп алып отырған. Ер адам бұл қаражат жарты немесе бір жылдан кейін қайырымдылық қордың ұйымдастырушылары тарапынан бірнеше есе жоғары сомамен қайтарылады деп сендіріп отырған. Жеңіл пайда табу көзін тапқандай болған адамдар «пирамидаға» ағыла бастаған», – деді. Қазіргі уақытта алаяқтығы үшін жауап беріп отырған 40 жастағы азамат бұған дейін де істі болған екен. Жолдыбай Базар. Дереккөз: «ҚазАқпарат». Фото: Аssalam.ru.