Финляндия парламенті сейсенбі күні НАТО-ға мүшелікке өтініш беруді қолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Финляндия премьер-министрі Санна Марин мен президент Саули Ниинистё 12 мамырда Финляндия үкіметі Солтүстік Атлантикалық альянсқа қосылу туралы ресми шешім қабылдағанын және Парламентпен кеңескеннен кейін өтініш беретінін хабарлаған.
Осылайша, 200 депутаттың 188-і қолдап, сегізі қарсы дауыс берді.
Бүгін Брюссельде Финляндия Швециямен бірге НАТО-ға мүшелікке ресми өтініш берді.