Ақтаудан Прагаға тікелей тұрақты әуе рейстері 12 маусымнан бастап ашылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ақтаудан Прагаға жаңа тұрақты рейстер жексенбі күндері, ал 6 шілдеден бастап аптасына екі рет бейсенбі және жексенбі күндері Airbus A320-да орындалады. Оларды Fly Arystan лоукостері орындайды. Әуе билеттерінің құны 48 300 теңгеден басталады.
Қазақстан азаматтарына Чехияға кіру үшін Шенген визасы қажет. Чехияға кіру үшін теріс ПТР-тесті және вакциналау паспорты қажет емес. Аяна Тоғанбек