• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Әдебиет 19 Мамыр, 2022

Қазақстан Жазушылар одағында әдеби жыл қорытындысы өтті

1428 рет
көрсетілді

Кеше Қазақстан Жазушылар одағында «Қазақ әдебиетінің көктемі» атты әдеби жыл қорытындысы өтті, деп жазады Egemen.kz.

Салтанатты жиын Мемлекеттік Әнұранмен  басталып, қаламгерлер өткен жылдан бері өмірден өткен ақын-жазушыларды бір минут үнсіздікпен еске алды. Әдеби жиынды белгілі ақын, ғылым докторы, Басқарма төрағасының орынбасары, академик Бауыржан Жақып жүргізді. Жыл қорытындысын Жазушылар одағының төрағасы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, көрнекті ақын Ұлықбек Есдәулет сөз сөйлеп ашты. Әдебиеттің әр жанры бойынша 15 баяндама жасалды. Қазақстан Жазушылар одағына жаңа мүшелерді қабылдап, «Қазақстанның Құрметті жазушысы» атағымен және Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығымен марапаттау рәсімі өтті.

«Қазақстанның Құрметті жазушысы» атағына ие болғандар:

Уахап Қыдырханұлы, Төлен Әбдік, Аян Нысаналин, Молдахмет Қаназ,  Ахметжан Ашири.

 

2021-2022 жылдар Қазақстан Жазушылар одағының «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаттары:

Проза жанры бойынша:

Әлімжан Елен «Анажар» кітабы үшін; Байхонов Серікбай «Алып пен қалып» кітабы үшін; Әбдішова Жанар «Үмітпен өткен дүние-ай» кітабы үшін; Мерекенова Бақыт «Құдай-ау, қайда сол жылдар!» кітабы үшін; Бектемірова Нүрила «Өмірдің өзі жазған әңгімелер» кітабы үшін; Олжабай Сабырбек «Ақсақ Темірдің алмас қылышы» кітабы үшін;

 

Поэзия жанры бойынша:

Әбдікәрімов Шәкизада «Сүлейдария» кітабы үшін; Жақып Бауыржан «Білте шамның жарығы» кітабы үшін; Құлиев Жұмабай «Жан қобдиындағы жақұттар» кітабы үшін; Байоралова Назым «Арна» кітабы үшін; Раисова Бақытжан «Жердің күн беті» кітабы үшін; Шегебаев Әлібек «Ақ жауын» кітабы үшін; Танакөз Толқынқызы «Үнсіз отырмашы» кітабы үшін;

 

Деректі проза жанры бойынша:

Тәбеев Қайым-Мұнар «Қарағайдың қарсы бұтағы» кітабы үшін;

 

Әдеби сын жанры бойыншы:

Дандай Ысқақұлы «Тіл эпопеясы немесе рухани жаңғырудағы қазақ тілінің тарихи миссиясы»» кітабы үшін;

 

Көркем аударма бойынша:

Ақтаев Сарбас «Мастер и Маргарита» кітабының аудармасы үшін;

 

Орыс әдебиеті бойынша:

Арцишевский Адольф «Наедине» кітабы үшін;

 

Ұйғыр әдебиеті бойынша:

Розахунов Жәмшитжан «Бахтим юлтузи» кітабы үшін;

 

Сатира жанры бойынша:

Рәш Мыңбай «Мұржа мұрын» кітабы үшін;

 

Әдебиетті насихаттаудағы еңбегі үшін:

Сейітжанұлы Зұфар