• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Бокс 19 Мамыр, 2022

Алуа Балқыбекова әлем чемпионатының финалына жолдама алды

521 рет
көрсетілді

Бокстан әйелдер арасындағы әлем біріншілігінің финалына өткен қазақстандық боксшы Алуа Балқыбекова (48 келі) 19 мамырда бірінші болып финалдық жекпе-жек бағдарламасын ашады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Азия чемпионы атанған қазақстандықтың қарсыласы Түркия өкілі Айсе Чагирар болады.

Ақтық жекпе-жектің басталуы Нұр-Сұлтан уақытымен 21:00-ге жоспарланған.

Еске сала кетсек, жамбылдық боксшы Алуа Балқыбекова жартылай финалда Болгариядан келген Севда Асенованы ойсырата жеңген еді. Жекпе-жек бірінші раундта мерзімінен бұрын аяқталды.