• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қаржы 19 Мамыр, 2022

Доллар арзандады

205 рет
көрсетілді

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, доллардың теңгеге шаққандағы бағамы сәл төмендеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 1,29 теңгеге түсіп, 1 доллар - 431,41 теңге болды.

Ұлттық банктің 19 мамырдағы ресми бағамы – 1 долларға 432,69 теңге. Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы - 430,67 теңге, сатып алу – 435,50 теңге.

Ал, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы - 431,30 теңге болса, сатып алу құны – 434,57 теңге.