Павлодар облысында ауыл тұрғыны полицияға 138 патрон тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Павлодар ауданының полициясына Шақат ауылының тұрғыны жүгінді, ол халықтан тіркелмеген қару мен оқ-дәрілерді сатып алу бойынша акция шеңберінде ерікті-өтеулі негізде оқ-дәрілерді, саны 138 бірлік әртүрлі калибрлі патрондарды, белгіленбеген калибрлі оқ-дәрілердің болат өзекшесі бар гильзасын және болат өзекшесін тапсырды.
Тексеру барысында ауыл тұрғыны оқ-дәрілерді пәтер жөндеумен айналысатын Павлодар қаласында тұратын ағасынан алғанын айтты. Ағасының Ақсу қаласындағы пәтерлердің бірін жөндеу кезінде оқ-дәрілерді тауып алғанын түсіндірді. Тіркелмеген қару мен оқ-дәрілерді тұрғындардан сатып алу бойынша жүргізіліп жатқан акция туралы білген ауыл тұрғыны оларды дереу полицияға тапсырды. Полиция бөлімі баллистикалық сараптама тағайындады, оның нәтижелері бойынша сатып алу құны туралы баға берілетін болады.
Аяна Тоғанбек