• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 19 Мамыр, 2022

Бас прокуратура заңнамаға нақты түзетулер пакетін ұсынатын болды

274 рет
көрсетілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокуратураға 2021 жылдан бергі кәсіпкерлік нысандарды тексеру құжаттарына талдау жасауды тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бас прокуратураға 2021 жылдан бергі осы сипаттағы істерді қарастыру керек. Оның үстіне кәсіпкерлерді қылмыстық қудалаудың негізділігіне ұдайы талдау жүргізіп отыру қажет. Оның мәліметі тоқсан сайын Президент әкімшілігіне кіргізіліп отырсын», деді Президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, Бас прокуратура құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қиялынан туындайтын қылмыстық істерді шұғыл түрде тыюға тиіс.

«Мемлекеттің бизнеске қолайлы жағдай жасау саясатына көлеңке түсірген күш құрылымдары басшыларының жауапкершілігін арттыру шараларын айқындау маңызды. Бас прокуратурадан Жоғарғы сотпен және Үкіметпен бірлесіп заңнамаға нақты түзетулер пакетін ұсынуды сұраймын. Президент әкімшілігі бақылауға алсын», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент бизнестің мемлекеттік аудит жүйесіне қатысты проблемаларды үнемі көтеріп келе жатқанын атап өтті.

«Тапсырыс беруші меморгандарға жүргізілген мемлекеттік аудит тексерулерінің қорытындысы кәсіпкерлерді қылмыстық қудалауға негіз болып жатады. Бұл жерде жүйе кәсіпкерлер мемлекеттік аудиттің қорытындысына шағымдана да, негізсіз қылмыстық қудалаудан құтыла да алмайтындай етіп түзілген. Мемлекеттік аудиттің қорытындысына азаматтық тәртіппен шағымдану мүмкіндіктері түгел қолданылып біткенше қылмыстық іс қозғау мүмкін болмайтындай тетік енгізген абзал. Жалпы алғанда Бас прокуратура ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және бизнес-омбудсменмен бірге шұғыл түрде қылмыстық және азаматтық-құқықтық саладағы шектеулер тетігін әзірлеуге тиіс. Коммерциялық дау-дамайларды нақты азаматтық-құқықтық тәртіпте реттеуді қамтамасыз ету – аса маңызды міндет», деді Мемлекет басшысы кәсіпкерлермен кездесуінде.