Қазақстан ұлттық семсерлесу федереациясының кезектен тыс конференциясында президент Мирбулат Абуов пен бас бапкер Алексей Писцов қызметінен босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz Prosports.kz порталына сілтеме жасап.
Жиналысқа қызметінен босатылғандар келмеді. Олар 217-2021 жылдар аралығындағы жұмыс есебін өткізуі қажет еді. Жаңа өткен сайлауда көпшіліктің дауысымен Рушидин Кичиков федерация президенті қызметіне келді. Бас бапкерлікті Андрей Алефиренко атқарады.