• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Мамыр, 2022

Түркістан тауларында адасқан 4 адам құтқарылды

186 рет
көрсетілді

Тауға серуендеп шыққан азаматтар Наутсай шатқалынан 10 шақырым жердегі Құлыншақты таулы жерінен табылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, тауда адасып қалған азаматтар туралы ақпарат кеше сағат 22:10-да 112 байланыс пунктіне түскен. Олар күндізгі сағат 11:00 шамасында Сусіңген көлінен шығып, «Алтын дән» демалыс аймағына бағыт алғаны белгілі болды. Содан қайта оралмаған.

Іздестіру жұмыстарына төтенше жағдайлар қызметінің 17 құтқарушысы мен кинология бөлімінің 1 қызметкері, 2 техника және полиция департаментінің 4 қызметкері, ұлттық парктің 5 қызметкері жұмылдырылған.

«Іздеу нәтижесінде жоғалғандар 23 мамыр сағат 02:32-де Құлыншақты таулы шатқалынан табылды. Өздерінің айтуынша, тұманда адасып қалған. Сағат 06:35-те іздеу тобы жоғалғандарды түсіріп, құтқарған. Ешқайсысы медициналық көмекті қажет етпеді», делінген облыстық ТЖД хабарламасында.