Нью-Йорк метросында 48 жастағы жолаушыға оқ атқан қылмыскер іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Белгілі болғандай, қылмыскер жолаушыға оқ атып, келесі станцияда ізін суытқан. Тергеу мәліметі бойынша қаскөй мен марқұм бірін-бірі танымаған. Қазір қылмыскерге іздеу жарияланды.
Айта кетсек, кейінгі уақытта Нью-Йорктің қоғамдық орындарында жасалатын шабуылдар саны артқан.
Салтанат Кенжебай