• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Әлем 24 Мамыр, 2022

Германия маймылшешек ауруына байланысты карантин жариялайды

294 рет
көрсетілді

Германияда маймылшешек ауруы тарай бастады. Бұл туралы Германияның Денсаулық сақтау министрі Карл Лаутербах мәлімдеді,  деп хабарлайды Egemen.kz 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Індет анықталған 6 науқастың жартысы Берлин қаласында тіркелген.

«Осы жолы маймылшешек ауруының өршуі бұрынғыға қарағанда өзгеше. Індетке қарсы қабылдаған шаралар жылдам әрі нақты болу керек. Қазір біз ғалымдармен және халықаралық ұйымдармен тығыз байланыстамыз», деп хабарлады Германияның Денсаулық сақтау министрі Карл Лаутербах.

Оның айтуынша, билік аурудың таралуын тоқтату үшін тиісті шараларды қабылдап жатыр. Германияға ауруға қарсы вакцина жеткізу мәселесі де пысықталуда.

Салтанат Кенжебай