• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Мамыр, 2022

Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобы ақтөбелік тұрғындармен кездесті

413 рет
көрсетілді

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің арнайы жобасы аясында биылғы 16-20 мамырда Ақтөбе облысында әйелдер арасында дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының (РАТТ) мамандары қазақстандық қоғамның дәстүрлі, мәдени және отбасылық құндылықтарын нығайтуға бағытталған діни – ағартушылық жұмысты ұйымдастыру, сонымен қатар халықтық әйел діндарлары арасында діни эстремизмнің таралуын алдын алуға бағыттылған рухани-ағарту жұмысын ұйымдастыру шеңберінде жергілікті тұрғындармен бірқатар іс-шара мен кездесу өткізілді.

Аталған кездесулерге РАТТ мүшелерінен (теологтар, дінтанушылар) – Қожахметова Т.З., Ұзақбаева Л.Е., Нұрғалиева Д.К., Бисембаева Р.Б., Данаева. Н.М. тартылды.

РАТТ мүшелерінің қатысуымен Ақтөбе қаласының, Қарауылкелді ауылдық округінің, Мұғалжар ауданының діндар әйелдерімен, Байғанин аудандық техникалық колледжінің, Мұғалжар гуманитарлық-техникалық колледжінің, Қандыағаш өнеркәсіптік-экономикалық колледжінің және Ақтөбе қаласының «Шолпы» әйелдер клубының студенттерімен, Шұбарқұдық ауылдық округінде деструктивті діни ағымдардың өкілдерімен, «Құнан» мектеп-лицейінің мұғалімдерімен, «Ақжар» қайырымдылық қорының еріктілерімен кездесу іс-шаралары ұйымдастырылды.

Өткізген іс-шараларда өңірлердің тұрғындарына Қазақстанда тұратын барлық конфессиялар мен этностардың бейбіт өзара іс-қимылы мен қатар өмір сүруіне, Қазақстан халқының мәдениеті мен рухани мұрасына, деструктивті жалған діни және радикалды идеялардың зияндылығына бағытталған дін саласындағы мемлекеттік саясаттың мәні туралы ақпараттар берілді.

Сарапшылар діннің рухани-адамгершілік құрамдас бөлігі мәселелеріне, қазіргі қазақстандық қоғамдағы әйелдердің рөлі мен әлеуметтік мәртебесін арттыруға, сондай-ақ деструктивті діни ағымдардың әсеріне қарсы тұру шараларына ерекше назар аударды.

Тыңдаушылар тарапынан да РАТТ мүшелеріне бірқатар сұрақ қойылып, тұщымды жауаптар алынды.

Мәукен Н.Ж,

ЖК «Нұржан» басшысы