Мехико қаласындағы қонақ үйге жасалған шабуыл салдарынан 11 адам қаза тауып, 4 адам жараланды, деп хабарлайды Egemen.kz
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, оқиға қаланың солтүстігіндегі Линдависта ауданында болған. Белгісіз қарулы топ қонақ үй кешеніне басып кіріп, бейбіт адамдарға оқ жаудырған.
Биліктің хабарлауынша, шабуылшылар қонақ үй ғимараты мен жақын маңдағы екі барды өртеп жіберген.
Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем көлігі адамдарды қауіпсіз жерге көшірді. Оқиғаның мән - жайы тергеліп жатыр.
Салтанат Кенжебай