• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Парламент 26 Мамыр, 2022

Қазақстан Қырғызстанға әскери көмек көрсетеді

287 рет
көрсетілді

Сенат Орталық Азия аймағының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін әскери-техникалық көмек көрсету туралы келісімді ратификациялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл келісімге Қырғызстан тарапының әскери-техникалық көмек көрсету туралы өтініші негізінде қол қойылды. Ол дипломатиялық арналар арқылы атаулары мен көлемі келісілген әскери мүлікті бір реттік тұрғыда беруді қарастырады.

Әскери-техникалық көмек көрсету Қырғызстан Қарулы Күштерінің қауіп-қатерлерге тойтарыс беру және бүкіл Орталық Азия аймағының қауіпсіздігін нығайту мүмкіндіктерін күшейтетіні атап өтілді.

«Орталық Азия аймағының іргелес аудандарындағы күрделі жағдайдың қауіпсіздік мәселесіне, сондай-ақ өңірлік қауіпсіздікке төнген қауіп-қатердің өсуіне байланысты әскери-техникалық көмек көрсету Қырғызстан Қарулы Күштерінің әлеуетін және бүкіл Орталық Азия аймағының қауіпсіздігін нығайтады», делінген заң жобасының қорытындысында.

Әскери техниканы Қырғызстанның Қой-Таш елдімекеніне автокөлікпен жеткізу шығынын Қазақстан тарапы қамтамасыз етіп, өз мойнына алады.

«Қырғыз тарапы алынған әскери мүлікті тек қауіпсіздік мақсатында пайдаланады, үшінші тұлғаға бермейді, ТМД елдеріне қарсы пайдаланбайды», деді ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Камалетдинов.

Оның айтуынша, ратификациялау бюджеттен қосымша қаражат бөлуді қажет етпейді.