• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Әлем 26 Мамыр, 2022

Ташкенттен Ыстанбұлға шыққан ұшақ шұғыл қонды

155 рет
көрсетілді

Ташкенттен Ыстанбұлға шыққан HY-273 рейсі Түркияның Трабзон әуежайына шұғыл қонды, деп хабарлайды Egemen.kz

Техникалық себептерге байланысты ұшақ Ташкент уақытымен 21:10-да Түркияның Трабзон әуежайына қонуға мәжбүр болды. Өзбекстан әуежайының баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, ұшақ бортындағы 240 жолаушының өміріне қауіп төнген жоқ. Барлық сапар шегушілер Трабзондағы қонақ үйге орналастырылып, жақын арада Ыстанбұлға жеткізіледі.

Одан бөлек, 21:45-те ұшуы тиіс Ыстанбұл-Ташкент бағытындағы HY-274 рейсі кейінге шегерілді. Қазір Ыстанбұлдан Ташкентке жолаушыларды тасымалдау үшін резервтік ұшақ жіберу мәселесі қарастырылуда.

«Жолаушылардан кешірім сұрай отыра, уақытша қолайсыздықтарға түсіністік танытуға шақырамыз», дейді әуежай басшылығы.

Салтанат Кенжебай