Алматыда 2-3 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz БҒМ ҒК СЭМ ММ сейсмикалық станциялар желісіне сілтеме жасап.
Жер асты дүмпулері Нұр-Сұлтан уақытымен 21.50-де тіркелді.
Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 71 шақырым жерде, Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында болды.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы 11.1;
MPV магнитудасы 5.5;
Тереңдігі 10 шақырым.
«МСК-64 шкаласы бойынша Алматыда жер сілкінісі 2-3 балл болып сезілді», делінген ҚР БҒМ ҒК СЭМ ММ хабарламасында.