Қазақстанда шетелдіктер үшін ЖСН алу қызметі уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Электрондық үкімет» сайтындағы мәліметтерге сәйкес, «Қазақстан Республикасына уақытша келетін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін ЖСН беру» қызметі қазір қолжетімсіз.
Мұндай қызметті сайт арқылы 2022 жылдың 1 қазанынан бастап қайта алуға болатыны ескертілген.
Мұндай шектеудің нақты не себепті қойылғаны әзірге белгісіз.