• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Тағайындау 27 Мамыр, 2022

Мәдениет және спорт министрлігінің аппарат басшысы тағайындалды

541 рет
көрсетілді

Мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен Жанат Сабыржанұлы Ахметов Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Жанат Ахметов 1986 жылы Омбы қаласында (Ресей Федерациясы) дүниеге келген. Ф. М. Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2008 жылы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің Ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету басқармасы сарапшысының м. а. болып бастады. 2008-2012 жылдары ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің құрылымында сарапшы, бас сарапшы болып жұмыс істеді.

2012-2013 жылдары — ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінің Заң департаментінің Құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы.

2013-2016 жылдары — ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің (2014 жылдан бастап Ұлттық экономика министрлігінің) Заң департаментінің Құқықтық қамтамасыз ету басқармасының басшысы.

2016-2019 жылдары — ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Заң департаменті директорының орынбасары.

2019 жылғы сәуірден бастап қазірге дейін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментінің директоры қызметін атқарды.