• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Экономика 29 Мамыр, 2022

Cатылым төмендеген төрт ай

129 рет
көрсетілді

Жыл басынан бері ресми дилерлер 31 189 техника сатқан. Бұған жеңіл автокөліктерден бөлек, жүк көліктері, автобустар, арнайы техникалар, тіркемелер де кіріп отыр. Дәл бір жыл бұрынғы көрсеткіш 34 100 техниканы құраған еді. Осылайша, осы жылдың қаңтар-сәуір аралығында жаңа көліктердің сатылымы 8,5 пайызға төмендеген.

Автонарықты талдау және мониторингілеу орталығының бас­шысы Артур Мискарянның мә­лі­метінше, сәуірде көп сатыл­ған ТОП-5 брендтің қатарына Chevrolet (3 004 сатылған), Hyundai (1 802), KIA (968), Toyota (950) және LADA (798) енген.

– Сәуір айының қорытын­ды­сы алғашқы ондықтағы бір­қа­тар танымал брендтің са­ты­лымының айтарлықтай тө­мен­дегенін көрсетті. Мысалы, Nissan сатылымы 81 пайызға, Volkswagen – 81 пайызға, GAZ – 78 пайызға, Renault – 67 пайызға құлдырады, – деді А.Мискарян.

2022 жылдың қаңтар-сәуір ара­­лығында көп сатылған бренд­­тердің бестігі келесідей: Hyun­­­dai – 8 675, Chevrolet – 5 893, KIA – 3 326, LADA – 3 121 және Toyota – 3 094.

Сарапшының пікірінше, көлік тапшылығы мен логис­ти­ка­лық проблемаларға геосаяси жағдай қосылды. Бұл нарықтың кейбір қатысушыларының жұ­мы­­сына сөзсіз әсер етті.

– Қазіргі жағдайда өзімізде құрастырылған автомо­биль­дер­ді сатып алғандардың ұпайы тү­гел. Біріншіден, отан­дық өнім­дердің бағасы им­порт­тық автомобильдермен салыс­тыр­ған­да шамалы ғана қым­бат­тады. Екіншіден, жеңіл­де­тіл­ген бағдарлама бойынша ав­то­көлік сатып алу мүмкіндігі беріліп отыр, – деп нақтылады Авто­нарықты талдау және мони­торингілеу орталығының бас­шысы.

Сарапшы валюта нары­ғын­дағы өзгерістерді де естен шы­ға­руға болмайтынын ескертті. 1 рубльдің бағамы 7 теңге еке­нін ескерсек, бұл ресейлік тұ­ты­нушылардың Қазақстаннан ав­то­көлік сатып алу жолын қа­рас­тыруға негіз болмақ.

– Соңғы екі айда «Ресейден келетін сатып алушылар ағыны» мифологиялық сипатқа ие болып келді. Егер курс ұзақ уақыт бойы осы деңгейде сақталса, ресейліктерден нақты сұраныс түсуі әбден мүмкін, – деді А.Мискарян.

Еске сала кетейік, 16 мамырда Қазақстанда жеңілдетілген автонесие бағдарламасы іске қосылды. 23 мамырдағы жағдай бойынша, ел тұрғындарынан 14 507 өтінім түскен. Оның 4 834-і мақұлданды. Бұл дегеніміз – 35,7 млрд теңге. 2 857 өті­нім­ді «Банк ЦентрКредит» ма­құл­даса, қалған 2 013 өтінімге «Еуразиялық банк» оң жауап берген. Әзірше республикада 34 автокөлік берілді.