• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Қазақстан 30 Мамыр, 2022

Цифрландыру офисі IT мамандарды біріктіреді

678 рет
көрсетілді

Цифрлы технологиялар индустриясы қарқынды дамып, адам капиталында тиімді қолданыс тауып келеді. Алматы қаласы әкімдігі жанындағы цифрландыру офисі қала дамуында IT мамандар үлесін арттыру үшін оқу орындарымен бірлескен платформаларды жетілдіруге мән беріп отыр.

Аталған офис консультативтік-ке­ңесші орган ретінде қала тұрғын­да­рының игілігі үшін жүзеге асыратын жобаларда кәсіпкерлік пен білім беруді дамытуды қолдау саясатын жү­зеге асыруда.

Цифрландыру басқармасының басшысы Баян Қоңырбаев осы бағыттағы қол жеткен нәтижелерге тоқталып, маңызды бастамалар ретінде NBK Data Factory жобасын атап өтті. Бұл жоба экономикалық талдауда аса ма­ңыз­ды әрі визуализация, навигация арқылы гибридті қоймада сақталатын деректерді статистикалық талдауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар жер қатынастары басқармасының функцияларын автоматтандыруға ар­налған геоақпараттық жүйелер мен де­ректер базасын дамыту, жерді тиім­ді пайдалануға және жаңа бизнес-баста­маларды іске асыруға арналған құралдар кешені сияқты бағыттарға көңіл бөле отырып, қаланы дамыту бағыттарын қамтиды. Цифрландыру офисінің базасында былтырдан бастап бірыңғай коммуникациялық кеңіс­тік­те барлық жоғары оқу орындарын, IT-таланттар, IT-компанияларды бірік­ті­ретін платформа жұмыс істеп келеді.

Баян Қоңырбаевтың айтуынша, биылғы сәуір айында аталған плат­формада 2 150 IT-талант, 23 IT-ком­пания, бизнес саласынан 23 бос жұмыс орны, 53 білім беру курсы тір­келген. Цифрландыру кеңсе­сі қа­ланы дамыту жұмыстарына сту­денттерді тарту бағдарламасы бо­­йын­ша жоғары оқу орындарымен ауқым­ды ықпалдастықты дамытуға күш салуда. Биыл Қазақстан-Бри­тан техникалық университетінде Цифрлан­­дыру басқармасымен және IGLUS халықаралық швейцариялық ұйым­мен бірлесіп, Smart city lab зертханасы ашылды. Зертхананың мақсаты – қалалық жүйелердің тиім­ді­лігін өлшеу, инфрақұрылымды дамыту және Smart City және Smart Systems магистратурасының білім беру бағ­дар­ламалары бойынша кадр­лар даярлау. Осы орайда ҚБТУ базасында Цифрландыру басқармасының бөлімшесін ашу жоспарлануда. Бұл IT саладағы магистранттар және док­торанттармен бірлескен жобалар әзір­леуге мүмкіндік береді.

Офис жұмысы аясында AlmaU урбанистика орталығының студенттері мен Алматы қаласының цифрландыру басқармасы Frontier.kz компания­сы­мен бірлесіп, жаяу жүргіншілер ке­­дер­­гілерін, аудан­­дардың­ ком­­мерциялық сыйымдылығын, қо­ғам­­дық көліктің қолжетімділігін анық­­тап, аудандардағы құрылыс ба­ры­сына талдау жасады. Ал IT кеңес пен Азия даму банкі бірлесіп, Ха­лық­аралық ақпараттық технология­лар университетімен ықпалдастық мәселесіне көңіл бөліп отыр.

Президенттің 100 мың білікті IT-мамандарын даярлау жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыруға байланыс­ты қала әкімдігі мен Цифрландыру бас­қармасын мамандармен қам­та­ма­сыз ету мақсатында Business analysis магистратурасының модификациясына да мән берілуде. Осы орайда digital urban planner, digital officer және қолданбалы тапсырмаларды шешетін әмбебап аналитик, Open Almaty дамыту тұжырымдамасын жетілдіру, өтініштерді жедел өңдеу мақсатында аппараттық-бағдарламалық кешенді автоматтандыру салалары да басым бағыттар ретінде қарастырылуда.

 

АЛМАТЫ