• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 30 Мамыр, 2022

Павлодар облысында 7 адамның өліміне қатысты тергеу басталды

240 рет
көрсетілді

Павлодар облысында 7 адамның өліміне қатысты істі тергеу басталды, деп хабарлайды Egemen.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Өлімге әкелген белгісіз сұйықтық қалдықтарына сараптама тағайындалды.

«Полиция анықтағандай, 26 мамырда Ертіс ауылының тұрғындары белгісіз сұйықтықты тұтынып, салдарынан жеті адам көз жұмған. Сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Сұйықтықтың шыққан жері белгісіз, Ертіс ауданының тұрғынынан алынған ыдыста сақталғаны анықталды», деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінде.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 306-бабы 3-бөлігі (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан, қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, қызметтерді орындау, қызметтер көрсету) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Еске сала кетейік, Павлодар облысында белгісіз заттан 7 адам уланып қалды. Алдымен 5 адам қайтыс болды. Кейін ауруханаға жеткізілген тағы 2 науқас көз жұмды. Олардың барлығы Ертіс ауданы тұрғынының үйінде бір ыдыста сақталған (шығу тегі белгісіз) сұйықтықты ішкені анықталды.