• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Оқиға 30 Мамыр, 2022

БҚО-да оқушылар зират ескерткіштерін қиратып кеткен

209 рет
көрсетілді

Батыс Қазақстан облысында бастауыш сынып оқушылары зират ескерткіштерін қиратып кеткен,  деп хабарлайды Egemen.kz.

БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілі Дариға Мәжитованың айтуынша, Бәйтерек ауданы Трекин ауылындағы православ зиратындағы ескерткіш белгілерді қиратқан 1 және 2-сынып оқушылары болып шыққан.

«Қазір олардың саны нақтыланып жатыр. Балаларға қатысты мәселе кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияда қаралады», деді Дариға Мәжитова.

Айта кетейік, БҚО-да белгісіз біреулер бейіттегі ескерткіш белгілерді қиратып кеткен болған. Олар барлығы 14 белгіні қиратып, бүлдірген.

 

Гүлдана Елубай