• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Тағайындау 30 Мамыр, 2022

Қарағанды облысы Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы тағайындалды

543 рет
көрсетілді

Қаржы министрлігі аппаратының басшысы Абзал Бейсенбекұлы Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымына жаңа басшыны таныстырды. Бұл лауазымға Мәдиев Әнуар Маратұлы тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әнуар Мәдиев 1983 жылы Қарағанды қаласында туған. Білімі бойынша - заңгер, экономист, заң ғылымдарының кандидаты.

Б. Бейсенов атындағы ҚР ІІМ Қарағанды заң институтын, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін тәмәмдаған.

Еңбек жолын 2000 жылы ішкі істер органдарында бастаған. Мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі 19 жылды құрайды.

Көлік және коммуникация министрлігінде сарапшы, бас сарапшы, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінде бас сарапшы, ҚР ҚМ Салық комитетінің Қарағанды облысы бойынша Салық департаменті басшысының орынбасары, ведомстволық бақылау басқармасының сарапшысы, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің экспорттық бақылау басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.

2019 жылғы наурыздан бастап осы уақытқа дейін ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің сауда айналымы басқармасының басшысы қызметін атқарды.