• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Референдум 30 Мамыр, 2022

Жаңарудың бастауы

251 рет
көрсетілді

Алматыда «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы «Референдум – ауқымды реформалардың бастауы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Кездесуді ашқан Сенат депутаты, «Ауыл» ХДПП Төрағасы Әли Бектаев алдағы ауқым­ды реформалардың мем­ле­кет­тің жаңаруы, республика жұртшылығының өмір сапа­сы­ның жақсаруымен байланысты екендігін атап өтті. Іс-шараға Агроинженерия ғылы­ми-өндірістік орталығы, Қазақ мал шаруашылығы және жем­шөп өндірісі, Қазақ қайта өң­деу және тамақ өнеркәсібі, АӨК және ААД экономикасы, Қа­зақ егіншілік және өсімдік шаруа­шы­лығы, Ө.Оспанов атындағы Топырақтану және агро­химия Қазақ ғылыми-зерттеу инс­ти­тут­тары және басқа да аграр­лық ғылым өкілдері қатысты. Ғы­­лы­ми мекемелердің өкіл­дері сала­ара­лық маңызды мәселе­лер­ді тал­қы­лап, еліміздің аграрлық саясатын жетілдірудің уақыт күттірмейтін мә­­се­лелерін ортаға салды. Аграрлық ғылымның бү­гін­­гі ахуалы, ғылымды дамы­ту­­ға бөлінетін қаражаттың же­тіс­пеушілігінен туындап отыр­ған көкейкесті мәселелер төңірегінде ой түйді.

Сенатор Әли Бектаев ауыл ша­руа­­шылығы мемлекеттің азық-түлік қа­уіп­сіздігіне жауап бе­­ретін эконо­ми­ка­ның өмірлік ма­­ңызды сала­ла­ры­ның бірі болып табылатындығына тоқ­тал­ды. «Еліміздің аграрлық секторы бүгінде 5 мыңнан астам адам ең­бек ететін 38 ғы­лыми, ғылыми-өн­д­­і­ріс­тік, сервистік және білім беру ұйы­мын құрайды. Бұл – ауыл ­шаруа­шылығы тауар өнд­і­рушілерімен тығыз бай­ланыс­та жұмыс істейтін үлкен клас­тер. Ғы­лы­ми интеллигенция әрқашан ин­новациялық идеялардың қоз­ғаушы күші болып келеді. Ға­лым­дар елде болып жатқан оқиғаларға бейжай қарамайды, сондықтан да ел үшін осындай елеулі оқи­ға­ны өткізуде жетек­ші ға­лым-аграршылардың қол­дауы аса маңызды», деді ол.

Сонымен бірге сенатор қа­ты­су­­шы­ларға Ата Заңға енгізі­летін түзету­лер мен толық­ты­руларды егжей-тегжей тү­сін­­діріп, фер­мер­­лер үшін ре­ферен­думға да, мем­лекет өмірі­не де белсенді қа­ты­судың маңыздылығын түсін­дірді. Ғылыми қауым өкіл­дері референдум өткізуді, сондай-ақ Конс­титуцияға өзге­ріс­тер ен­гі­зу қажет­тігін бір­ауыздан қол­дай отырып, аграр­лы елдің бола­ша­ғы­на үлкен се­нім білдірді.

«Ауыл» партиясы мүшелерін са­палы медициналық қызмет көр­се­ту, тұрғын үймен қамта­ма­сыз ету, азаматтардың құқық­та­ры мен бостан­дық­тарын қорғау және жеке қауіп­сіздікті, тұрақты та­бысын қамтамасыз ету жайы алаңдатады, – деп атап өтті өз сөзінде ҰҒА академигі, профессор, «Ауыл» партиясының мүшесі Сейітқазы Кешуов. – Сон­дықтан партия қатарында ел болашағы үшін шынайы еңбек ете білетін, ел алдындағы жауап­кершілікті жан-дүниесімен сезі­не отырып, Мемлекет бас­шы­сының саяси бағыты мен референдум өткізу бастамасын толық қолдайтын мүдделес азамат­тар­дың болғандығы маңызды».

Дөңгелек үстелге қатысу­шы­лар Конс­титуцияға енгізілетін то­лық­­ты­ру­лар мен түзетулерге қа­тыс­ты ой-пікірлерін ортаға салып, Жаңа, Әділетті Қазақстан құ­ру мүм­кіндіктерінің мол екен­ді­гіне сенім білдірді.

 

АЛМАТЫ