Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті қалада 31 мамыр мен 2 маусым аралығында қатты жаңбыр жауады деп ескертті, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Нөсерлі жауын-шашын болжамына байланысты 31 мамыр мен 2 маусым аралығында Алматының таулы аймақтарында ағынды сулардың пайда болуы және өзендердегі су деңгейінің көтерілуі күтіледі», деп мәлімдеді Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті.
Қалалық ТЖД мыналарды ұсынады:
автокөліктерді ағаштардың астында қалдырмаңыз;
бұқаралық ақпарат құралдарының, теледидардың, радионың «112» дабылдары мен хабарламаларының сигналдарын қадағалау.
Кіші және Үлкен Алматы, Ақсай, Қарғалы бассейндеріндегі өзендердегі «Казселезащита» бақылау бекеттерінің мәліметінше, жағдай тұрақты.
Сондай-ақ қала тұрғындарына тауға барудан бас тартуға кеңес берілді.