• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 31 Мамыр, 2022

Елордада интернет алаяқтарынан 1 млрд теңге шығын келген

307 рет
көрсетілді

Жыл басынан бері елордада 1400-ге жуық алаяқтық фактісі тіркелді. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасы бөлімінің бастығы Талғат Бөлегенов айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Соңғы жылдары жоғары технологиялардың дамуына байланысты интернет-алаяқтық фактілерінің саны айтарлықтай өскен. Жыл басынан бері 5 айда елорда аумағында 1390 интернет-алаяқтық фактісі тіркелді. Ал өткен жылдың 5 айында 1730 жағдай тіркелген еді. Интернет-алаяқтықтан келген жалпы материалдық шығын 1 млрд 150 млн теңгеден асты», деді Талғат Бөлегенов қалалық полиция департаментінде өткен брифингте.

Полицияның мәліметінше, аталған кезеңде 48 интернет-алаяқ ұсталып, қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

«Жәбірленушілерге шамамен 135 млн теңге шығын өтелді. Ұсталған 48 адамның 25-і екі және одан да көп эпизод жасаған. Күдіктілер – негізінен 20-35 жас аралығындағы адамдар», деді бөлім бастығы.

Мысалы, олардың бірі интернет желісінде 60-тан астам алаяқтық жасаған.

«Биыл кәмелетке толмаған бір адам интернет-алаяқтық жасағаны үшін жауапқа тартылды. Ол шамамен 25 адамды алдаған және жедел-тергеу іс-шаралары барысында ұсталды. Оның өзі басқа қалада болса да, елордадағы пәтерлерді жалға беру туралы хабарландырулар жариялап отырған. Салдарынан күдікті өзгелерге 350 мың теңге шығын келтірген», деді Т. Бөлегенов.

Аяна Тоғанбек