Ұрлыққа түсерде үйде адамның, дабыл жүйесінің жоқтығына әбден көз жеткізген, деп хабарлайды Egemen.kz
Белгілі болғандай, ұсталғандар бір-бірімен жақын туыс болып шыққан. Олар Түркістан облысына қарасты Қазығұрт, Келес, Ордабасы және Сарыағаш аудандарының тұрғындарын тақырға отырғызып, жалпы көлемі 100 миллион теңгеден аса залал келтірген.
Алдымен полицейлердің назарына 26 жастағы ер адам түсіпті. Тексере келе ол өзінің туған-туыстарымен сыбайлас болған.
Ұрлыққа түсерде үйде адамның, дабыл жүйесінің жоқтығына әбден көз жеткізген. Тіпті үй иелерінің күн тәртібіне дейін зерттепті. Қолды қылған заттарын ломбардтарға өткізіп, ақшаны өзара бөлісіп отырған.
Тінту кезінде есік-терезені бұзуға арналған 32 түрлі құрал-сайман, кілттер, 52 зергерлік бұйым мен ұрланған заттарды тасыған автокөлік тәркіленді.
Топтың ұйымдастырушысы мен екі мүшесі ұсталды. Тағы бір күдіктіден ешқайда кетпеу туралы қолхат алынған.
«1996 жылы Мақтаарал ауданында туылған азамат күдікті ретінде анықталып, Қазырғұрт аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Тергеп тексеру барысында ол өзінің қылмысын толықтай мойындады», деді Қазығұрт ауданы полиция бөлімінің тергеушісі Дастан Тоқтабай.
Гүлдана Елубай