• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Футбол 31 Мамыр, 2022

Чемпиондар Лигасының үздік ойыншысы анықталды

297 рет
көрсетілді

УЕФА мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Карим Бензема 2021/22 жылғы Чемпиондар Лигасының үздік футболшысы деп танылды. Корольдік клубты 14 рет жеңіп алған бұл турнирде Бензема 12 ойын өткізіп, 15 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Плей-офф кезеңінде Карим «ПСЖ» қақпасына үш доп, «Челси» қақпасына төрт гол соғып, «Манчестер Ситимен» үш айқаста көзге түсті.

Чемпиондар Лигасының үздік жас ойыншысы болып «Реалдың» тағы бір футболшысы Винисиус Жуниор танылды. Оның активінде ЛЧ-2022 13 матчында 4 гол және 6 нәтижелі пас бар.