• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
Референдум-2022 31 Мамыр, 2022

Онлайн-марафон: Референдум мәреге бет алды

342 рет
көрсетілді

Күні кеше «Жаңа Қазақстан үшін» атты онлайн-марафон басталды. Интернет алаңдарда сарапшылар мен саясаткерлер, блогерлер мен қоғам қайраткерлері реформа жүзеге асырылғаннан кейін еліміз қандай болатыны туралы ой қозғады. Бұл жөнінде Қазақстан Халық партиясының баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Халық партиясы ұйымдастырған пікірталас Конс­ти­туцияға енгізілетін түзету­лер бо­йынша жалпыұлттық референдумды қолдауға бағытталды.

– Іс-шара өзгеріс енгізуді қол­дауды немесе қарсы болуға үгіт­­теуді көздемейді, – деп нақты­лад­ы марафонның модераторы Серік Берқамалов. – Басты мақ­са­тымыз – ел азаматтарының заң­на­ма­лық сауатын арттыру. Ма­рафон ре­фе­рендумға қатысу қа­жет­тілігі мен өз еркін білдірудің ма­ңыз­ды­лығын түсіндіруді ғана мақсат тұтады.

Өз кезегінде марафон тізгінші­ле­рінің бірі Азиза Шөжеева әркім өз құқығын білуге тиіс екеніне назар аударды. «Ел азаматтары қан­дай құқыққа ие екенін, мемле­кет­тен не талап ете алатынын бі­лу­ге тиіс», деді ол.

Талқылауға шақырылған құ­қық­­танушылар мен заңгерлер елі­м­із­дің бас құжатына енгізіл­ген нор­­маларға баға беріп, Консти­ту­ция­­лық Кеңестің Конститу­циялық Соттан несімен ерекше­ле­не­тінін, сонымен қатар өлім жазасының кү­шін жою туралы норма мен басқа да өзекті құқықтық мәселе­лер­дің маңыздылығын тілге тиек етті.

Заңгер-конституционалист, заң ғылымдарының кандидаты Мереке Ғабдуалиев Конституциялық Ке­ңе­сті «Квази орган» деп атады. «Кон­­ституциялық Кеңес­тің қыз­ме­ті, оның соңғы жылдар­да­ғы ше­шімдері негізінен респуб­ли­каның суперпрезиденттік билі­гін күшей­туге бағытталғанын жоқ­қа шы­ғаруға болмайды», деп мәлім­де­ді ол.

Әріптесінің сөзін Еуропалық құ­қық және адам құқықтары сарап­тамалық институтының ди­рек­­торы, заңгер Марат Башимов қостады. Оның пікірінше, заң ал­дын­да барлығы бірдей әрі тең бо­луға тиіс. «Егер біз теңдік пен әділеттілік туралы айтатын болсақ, Конституциядан барлық артықшылықты, теңсіздікті және иммунитеттерді алып таста­уымыз керек», деді заңгер.

ҚХП төрағасы Ермұхамет Ертісбаев Конституцияға енгізі­ле­тін түзетулерге қатысты пікір білдіргенде бұл бастама еліміздің дамуы мен өркендеуіне ерекше ықпал ететінін мәлімдеді. «Ха­лық пен қоғам нақты өзге­ріс күтіп отыр. Көпшілік референ­дум­ға үлкен үміт артады. Адам­дар олигополияға, сыбайлас жем­қор­лыққа және клептократияға қарсы қатаң шара қолданылғанын талап етеді. Конституцияға енгізі­ле­тін өзгерістер жоғарыдағы көрсе­тіл­ген келеңсіздіктерге тосқауыл қояды», деді партия басшысы.

Қазақстан Халық партиясы Конституцияны жетілдіру бойынша бірқатар бастама көтерді. Соның ішінде халықтың жерге, оның қойнауы мен байлығына құқығын заңмен бекітуді ұсын­ды.

Shynybaev&Partners заң компа­ниясының директоры Марғұлан Шыныбаев алдағы референ­дум­ды «тарихи оқиға» деп атап, бәзбіреулер жағдайды өз мүд­де­сі­не пайдаланбауы үшін шешім қабылдауға тиіс екенімізді алға тартты. «Барлық аза­мат өз ұстанымын білдіруі керек. Біз пассивті бақылаушы бола алмаймыз», деді заңгер.

Пікірталас барысында әр қаты­су­шыға, тіпті кез келген әлеу­мет­­тік желі қолданушысына сұрақ қою мүмкіндігі берілді. Марафон алдағы күндері де жал­ға­сады. Бағ­дарламада дөңгелек үстелдер, пікір­таластар, және сарап­шы­лар­дың баяндамалары бар.