• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Референдум 01 Маусым, 2022

Референдум: Елордада аурухана пациенттері қалай дауыс береді

401 рет
көрсетілді

Елордада 5 маусымда өтетін референдумда пациенттер дауыс беруі үшін медициналық мекемелер жанынан жабық учаскелер ұйымдастырылады, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.

«Қалалық және өзге де медициналық ұйымдарда емделіп жатқан пациенттердің референдумға қатысуы үшін медициналық мекемелер жанынан жабық учаскелер ұйымдастырылды. Республикалық маңызы бар мемлекеттік мекемелер мен медициналық ұйымдарды ескерсек, дауыс беруге арналған жабық учаскелер саны – 27. 18 жасқа толған пациенттерге, босанатын және босанған әйелдерге дауыс беру кезінде тиісті мәліметтерді толтыру үшін өзімен бірге жеке куәлігі болуы жеткілікті. Жабық учаскелерде сайлау комиссиясы да жұмыс істеп, дауыс берудің ашықтығын қадағалайды», делінген мәліметте.

Қалалық Денсаулық сақтау басқармасы бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес ауруханалардың стационарлары мен акушерлік блоктарында карантин режимі әлі де өз күшінде екенін атап өтті.