Қытайдың Хунань провинциясындағы мейрамханада жарылыс болып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жергілікті биліктің хабарлауынша, шамамен таңғы сағат жетіде Қытайдың орталық бөлігіндегі Хунань провинциясының Чанша қаласындағы мейрамханада жарылыс болып, бір адам қаза тапты. Тағы 13 адам әртүрлі дәрежеде жарақат алған.
Оқиға орнына өрт сөндірушілер, дәрігерлер мен тәртіп сақшылары жедел жеткен. Зардап шеккендердің барлығы медициналық көмек алу үшін ауруханаға жеткізілді.
Анықталғандай, алдымен мейрамханада өрт шығып, кейін жарылыс болған. Оқиғаның себебі әлі анықталған жоқ, тергеу жүріп жатыр.
Салтанат Кенжебай