• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Қоғам 01 Маусым, 2022

Балалар Ақорданы аралап көрді

566 рет
көрсетілді

Аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың бүлдіршіндері, жетімдер үйінде тәрбиеленіп жатқан балалар, оқу озаттары, зияткерлік және шығармашылық конкурстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Ақорданы аралап көрді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордаға еліміздің әр өңірінен 10-14 жас аралығындағы 34 оқушы келді. Балалар Президенттің «Ақорда» резиденциясындағы «Салтанат», «Мәрмәр», «Шығыс» залдарын тамашалады.

Экскурсия соңында балаларға Президент атынан сыйлықтар табысталды.