Демалыс күндері АҚШ-та жаппай атыстың 14 оқиғасы тіркеліп, бірнеше адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
АҚШ-тың 12 штатында америкалық ұлттық мереке – Еске алу күні кезінде болған атыс салдарынан 9 адам қаза тауып, 73 адам жарақат алды. Мұндай жағдайлар Техас штатында болған қырғыннан кейін атыс қаруын бақылауда ұстау туралы үндеулерден соң орын ала бастады. Қазір оқиғаның мән-жайы тергелуде.
Бақылау ұйымының мәліметінше 2022 жылдың басынан АҚШ-тың 34 түрлі штатында, соның ішінде Вашингтон, Колумбия округінде 230 атыс оқиғасы болған.
Салтанат Кенжебай