• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
ANTIKOR 01 Маусым, 2022

Маңғыстау облысында пара алған шенеунік сотталды

412 рет
көрсетілді

Ақтау қалалық сотының үкімімен облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының бұрынғы орынбасарына ірі айыппұл салынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Осы жылдың 30 мамырында Ақтау қалалық сотының үкімімен Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының бұрынғы орынбасары Бақтыбай Ізімтаев күн панельдерін жеткізушілерден субсидия беру кезінде жалпы қамқорлығы үшін пара алу фактісі бойынша кінәлі деп танылып, оған 28 миллион теңге көлемінде айыппұл тағайындалды. Сонымен қатар ол мемлекеттік органдарда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды», делінген ANTIKOR хабарламасында.Сондай-ақ күн панельдерін жеткізушілер Шынболат Құмар, Жақсылық Аралбаев пара бергені үшін сотталып, әрқайсысына 2,6 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды.Сот «Байсырымов» ЖК иесін жалған құжаттарды ұсыну арқылы субсидия сомасын алған алаяқтық фактісі бойынша кінәлі деп танып, оған 3 жылға бас бостандығын шектеу тағайындады.«Сотталғандардың қылмыстық іс-әрекеті нәтижесінде мемлекетке 6,9 миллион теңге көлемінде залал келтірілді», деп қосты агенттіктің баспасөз қызметі.