Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, ауыр дертке шалдыққан балалардың тілектерін орындау мақсатында «Тілектер ағашы» республикалық акциясы басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ал бүгін, мерекеге орай алғашқы «Тілектер ағашы» Алматыда, Мақатаев көшесі, 127/1 мекенжайы бойынша орналасқан «MEGA Park» СОО-да қойылыпты.
Қаланың кез келген тұрғыны мен қонағы акцияға қатысып, «Тілектер ағашында» ілулі тұрған балалардың бір немесе бірнеше арман, тілектерін орындай алады.
Жуырда дәл осындай «Тілек ағаштары» Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының және еліміздің 14 өңіріндегі сауда-ойын-сауық орталықтарында орналастырылады.
Аяна Тоғанбек