• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
Қазақстан 03 Маусым, 2022

Көк Ту

448 рет
көрсетілді

Ғарышта

Ғарышкер Талғат Мұсабаев 1994 жылы 1 шілдеде «Союз» кемесі арқылы ғарышқа ұшқанда бас байрағымызды өзімен бірге ала кеткен болатын. Осылайша, Мемлекеттік туымыз халықаралық ғарыш стансасына орнатылды.

Антарктидада

2011 жылы 14 желтоқсанда Оңтүстік полюстің ашылуына 100 жыл толуына орай, Көк Туымыз Антарктикаға орнатылды. Ал 2015 жылы 14 сәуірде Солтүстік полюсте желбіреді.

Чогори, Эверест һәм Монбланда

2011 жылы альпинист Мақсұт Жұмаев пен Василий Пивцов әлемдегі ең биік екінші шың – Чогориге туымызды орнатты. Қарақорым тау сілемінде орналасқан бұл шыңның биіктігі 8611 метрді құрайтынын, Эверестен сәл ғана аласа екенін айта кеткен жөн.

2018 жылы Мақсұт Жұмаевтың жанкеш­тілігі арқасында «тоғызыншы террито­рия­ның» туы әлемнің ең биік жері – Эверест шыңында (биіктігі 8848 метр) желбіреді. Осылайша, бас байрағымыз биіктігі 8 мыңнан асатын 14 шыңның 13-інде орнатылды.

Көк байрақ Охос-дель-Саладо вулканында, Батыс Еуропаның ең биік нүктесі – Монблан шыңында (4810 метр), Памирдегі Ленин шыңында (7134 метр), Оңтүстік Американың ең биік нүктесі – Мак-Кинли шыңында (6135 метр) тігілді.