• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Оқиға 03 Маусым, 2022

Ақтөбеде жүк көлігі мен екі автобус соқтығысты

128 рет
көрсетілді

Ақтөбеде жүк көлігі мен екі автобус соқтығысты. Жараланған жолаушыларды дәрігерлер қарады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін Ақтөбе қаласында жол-көлік апаты болып, жүк көлігі мен №21 және №45 бағыттағы автобустар соқтығысты.

«Самара-Шымкент тасжолында «Хово» маркалы жүк көлігі жылдамдықты бәсеңдетпей, №21 бағыттағы автобусқа соқтығысты. Сол кезде автобуста 45 жолаушы болған. №21 бағыттағы автобус қозғалып, ол №45 бағыттағы автобусқа соқтықты. Онда 33 жолаушы болған. Жол-көлік апатынан кейін жеті жолаушы түрлі дене жарақатымен жедел жәрдем ауруханасына түсті», деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Аяна Тоғанбек